RFI 72011523RFI00001 Kaz LW Dev Eval KAZ.pdf
PDF 332 KB Posted
- Solicitation number
- 72011523RFI00001
View the file
Other files
| File | Type | Posted |
|---|---|---|
| RFI 72011523RFI00001 Kaz LW Dev Eval ENG.pdf | ||
| RFI 72011523RFI00001 Kaz LW Dev Eval RUS.pdf |
On GovTribe
Work with this file
- Download the original file
- Contacts named in this file
- Similar government files
- Ask GovTribe AI about this file
Text version
REGIONAL KAZAKHSTAN TURKMENISTAN
41 Kazibek Bi Street, Almaty 050010, Kazakhstan; Tel.: (727) 250-7612; Fax: (727) 250-7636;
Website: https://www.usaid.gov/central-asia-regional
Құжат түрі: Ақпарат беру туралы сұрату (АБС)
Нөмірі: 72011523RFI00001
Берілген күні: 15 ақпан 2023 жылы
Қабылдаудың соңғы мерзімі: 2 наурыз 2023 жылы, Алматы уақыты бойынша сағат 10.00 дейін
Тақырыбы: Жобаның өркендеуін бағалау бойынша тәжірибесі бар адамдар мен ұйымдар туралы ақпарат жинау1
I. ШОЛУ
Орталық Азиядағы Америка Құрама Штаттарының Халықаралық Даму Агенттігі (ОА АҚШ ХДА, ағылш. USAID / Central Asia) Қазақстан Республикасында және одан да тыс жерлерде жоба өркендеуін бағалау саласында әлеуеті бар орындаушылар мүмкіндіктерін ұғуда. Бұл үлес келесі тармақта сипатталған Қазақстандағы АҚШ ХДА‐ның (USAID/CA) болжанылған Жергілікті Қызмет жобасының өркендеуін бағалауды жоспарлау үшін пайдалынады.
АҚШ ХДА‐ның (USAID/CA) жаһандық Жергілікті Қызмет бағдарламасы жергілікті қөшбасшылықпен жүргізілген өркендеуге жәрдем жасауға арналған. Сонымен қатар, болжанылған жобаның өркендеуге байланысты мәселелерін шешуде жергілікті халықтың жетекші рөл атқаруға мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған.
Қазақстанда, болжанылған Жергілікті Қызмет жобасының аясындағы алдағы іс‐шара жергілікті деңгейдегі билік органдарымен және азаматтық қоғаммен жұмыс істеуге бағытталатын болады. Оларға басымдықтарды анықтауға, ұлттық және жергілікті ресурстарды басқаруды жақсартуға және азаматтарды ортақ мақсаттарға жетуге жұмылдыруға көмектесу үшін іске асырылады. Бұл іс‐шара еліміздегі басқа көшбасшылармен озық тәжірибелер мен алған сабақтармен алмасуды мақсат етеді.
Осыған орай, жергілікті көшбасшылар үшін оқыту және білім алмасу үшін платформалар құруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жергілікті басқаруды нығайтады және жергілікті өзін‐өзі басқару органдары мен азаматтық қоғам ұйымдарына (АҚҰ) өз қауымдастықтарының мүдделері үшін тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Осы АБС‐тың ағылшын тіліндегі нұсқасы барлық жағынан негізгі болып келеді. Егер аударылған нұсқалармен сәйкессіздіктер болса ағылшын тіліндегі нұсқасы шешуші тұпнұсқасы болып келеді.
II. МАҚСАТЫ
Осы Ақпарат беру туралы сұратуда (АБС) Қазақстан Республикасындағы алда болатын АҚШ
1 II бөлімдегі Дамуды бағалаудың анықтамасын қараңыз: Қазіргі АБС мақсаты.
ХДА‐лық Жергілікті Қызмет жобасының өркендеуін бағалауға қолдау көрсетіледі. Ол үшін ұйымдардың болуы, мүдделілігі және әртүрлі мүмкіндіктері туралы ақпарат сұралады.
Дамуды бағалау өзге бағалаудың басқа тәсілдерінен ерекшеленеді. Бағалаушыларды бағдарламалық топтарға қосу арқылы бұл бағдарламалардың үздіксіз игерілуіне және бейімделуіне бағытталған. Бұл деректерді жинауға немесе талдауға нақты тәсілді белгілемесе де, бағалау негізінен сапалы деректерді мұқият талдауға сүйенеді.
Бағалаушылар бағдарламалық оқытуды және шешім қабылдауды жеңілдету үшін бағалау нәтижелерін түйіндейді, соның ішінде бағдарламалық стратегияларды нақтылау және жағдайдың өзгеруіне жауап ретінде шараларды жетілдіру кіреді. АҚШ ХДА‐лың (USAID/CA) Дамуды Бағалау Бойында Сынамалы Іс‐шараның осы тақырып бойынша шығарған мәліметтері мына сілтеме бойынша қолжетімді.
Орталық Азиядағы АҚШ ХДА (USAID/CA) осы бағалаушыны бағалау мүмкіндіктері бар ұйымда толық уақытты қызметін жүзеге асыратын маман ретінде көреді. Айтылған ұйым бағалаушының әлеуетін нығайтуға қолдау көрсете алатын, бағалау үдерісінде қабылданған бағалаушы үшін деректерді жинау мен талдауға, бағалау өнімдерінің сапасын бақылауға және жалпы стратегиялық серіктестікке кеңейтілген қолдау көрсете алатын жобаның өркендеуін бағалауға көмектеседі деп болжам етілуде.
Осылайша, Орталық Азиядағы АҚШ ХДА (USAID/CA) әсіресе төмендегілерге қызығушылық танытады:
● Толық жұмыс күніне бағалаушы ретінде жұмысқа қабілеті, қызығушылығы және/немесе қолжетімділігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары немесе заңды тұрақты тұрғындары; және
● Соңғы бес жылда АҚШ ХДА‐дан (USAID) 5 млн.АҚШ долларынан (негізгі алушы ретінде) артық алмаған дамуды бағалау тәжірибесі бар қазақстандық және шетелдік ұйымдар.
Осы АБС (RFI) (ақпарат беру туралы сұрату) тек ақпараттық және жоспарлау мақсаттары үшін беріледі. Бұл Сұрау хабарламасы немесе Ұсыныс сұрауы (ҰС) болып табылмайды және АҚШ үкіметін ұсыныс сұрауын беруге және/немесе келісімшарт жасауға немесе осындай сұрату нәтижесінде берілген кез келген ақпарат үшін төлеуге міндеттемейді. Сұрау хабарламасы (Notice of Funding Opportunity (NOFO)) шығарылған жағдайда барлық қажетті ақпарат сол сұрау хабарламасында ұсынылады. Мүдделі тараптарға ықтимал серіктестік мүмкіндіктеріне қатысты жаңартуларды алу үшін www.sam.gov және www.grants.gov веб‐ сайттарын бақылау ұсынылады.
III. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРТУ
Орталық Азиядағы АҚШ ХДА (USAID/CA) төмендегілерден өтінімдердің түсуін күтеді:
1. Ұйымдардан: Қазақстандық және шетелдік ұйымдар қызығушылығын білдіруге шақырылуда. Орталық Азиядағы АҚШ ХДА (USAID/CA) үкіметтік емес ұйымдардан, академиялық ұйымдардан, ғылыми‐зерттеу институттарынан, жеке сектор ұйымдарынан немесе тиісті тәжірибесі бар басқа ұйымдардан ақпарат алуға мүдделі.
Орталық Азиядағы АҚШ ХДА (USAID/CA), әсіресе, соңғы бес жылда АҚШ ХДА‐дан
(USAID) тікелей 5 млн. АҚШ долларынан (негізгі алушы ретінде) артық алмаған ұйымдарға мүдделі.
2. Жергілікті жеке тұлғалар: Тиісті тәжірибесі бар жергілікті жеке тұлғалар қызығушылық білдіруге шақырылуда.
Осы ақпарат беру туралы сұрату мақсаттары үшін жергілікті жеке тұлға мынадай түрде айқындалады: Қазақстан Республикасының азаматы немесе заңды тұрақты тұрғыны.
Орталық Азиядағы АҚШ ХДА (USAID/CA) төменде келтірілген бағалау саласында КЕЗ КЕЛГЕН мүмкіндіктері мен біліктілігі бар ұйымдар мен жергілікті жеке тұлғалардың осы ақпарат беру туралы сұрау жауаптарын беруге ынталандырады:
1. Дамуды бағалауды жүргізу тәжірибесі, соның ішінде:
a. Бағдарламаны жүзеге асыратын ұйым шеңберінде бағалаушының қызметтерін орындау;
b. Дамуды бағалауды басқару, соның ішінде бағалаушыларды таңдау, қабылданған бағалаушыларға қолдау мен көмек көрсету және дамуды бағалау өнімнің (бағалау есебі бойынша ресми құжат, ұсыныстар және т.с.с.)
сапасына кепілдік беру;
c. Зерттеу және үйрену мәселелерін әзірлеу және оған басымдық беру бойынша тұтынушылармен жұмыс жасау;
d. Мүдделі тараптар үшін оқу іс‐шараларын әзірлеу және өткізуге жәрдемдесу;
және/немесе
e. Жоба өркендеуін бағалауға байланысты тағы басқа тәжірибелер.
2. Бағалау және талдамалық зерттеулер жүргізу, соның ішінде:
a. Орындауды немесе ықпалды бағалауды әзірлеу, бағалау топтарын жұмылдыру және басқару, сондай‐ақ даму бағдарламаларын бағалауды жүргізу;
b. Құжаттамалық тексерулер мен әдеби дереккөздерге шолулар жүргізу;
c. Фокус‐топтарда талқылаулар жүргізу, негізгі хабаршылармен сұхбаттасу немесе сапалы деректерді жинаудың басқа да тиісті тәсілдері;
d. Деректерге сапалық немесе сандық талдау жүргізу; және / немесе
e. Жергілікті бағалаушылардың әлеуетін нығайту бойынша іс‐шаралар өткізу
Жеке тұлғалар мен ұйымдар осы ақпарат беру туралы сұратуға (АБС) жауап беру үшін жоғарыда аталған барлық мүмкіндіктері мен тәжірибесі болуы міндетті ЕМЕС және кейбіреулері болғаны жарамды.
IV. АҚПАРАТ ТАПСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ОА‐дағы АҚШ ХДА мүдделі респонденттерден сауалнамада көрсетілген сұрақтарға Google Form нысаны арқылы қысқа жазбаша жауаптар беруін сұрайды. Нысанға сілтеме төменде осы бөлімде берілген.
Респонденттерге сұрақтарды қарастыру және олардың тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарға ғана жауап беру ұсынылады. Барлық сұрақтарға жауаптар беру міндетті емес, бірақ тиісті жағдайларда ынтандырылады. Жауабыңызда аты‐жөніңізді, лауазымыңызды, ұйымыңызды және байланыс ақпаратыңызды көрсетіңіз. Өтінімдер ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.
Егер Google Form нысанына кіруге немесе ақпарат тапсыруға қатысты техникалық мәселелер туындаса, AlmatyAASolicitations@usaid.gov электрондық пошта арқылы ОА‐ дағы АҚШ ХДА (USAID/CA) келісім‐шарт жасау бөліміне хабарласыңыз .
Егер басқаша көрсетілмесе, жауаптар құпия болады. Алайда респонденттерге құпия ақпаратты жіберуден бас тарту ұсынылады.
2022 жылғы 2 наурыздың Алматы уақыты бойынша сағат 10:00‐ге дейін кешіктірмей Google Form нысанының көмегімен осы АБС‐ке жауаптар жіберуіңізді сұраймыз.
Көрсетілген мерзімнен кейін алынған жауаптар оқылмайды немесе қаралмайды.
Google Form сауалнамасы келесі сілтемелер арқылы үш тілде беріледі:
Ағылшын тілінде: https://forms.gle/2ifNX8MXGhT8Byq38 Қазақ тілінде: https://forms.gle/1YEuU2EU6HVnW5cg6 Орыс тілінде: https://forms.gle/E9zm5dqH8zrAFJWZ8
Өтініш берудің БІР ҒАНА нұсқасын таңдаңыз (ағылшын немесе қазақ немесе орыс тілінде).
Егер АҚШ ХДА бір адамнан/ұйымнан бірнеше өтінім алса, біз тек соңғы өтінімді қарастырамыз.
ОА‐дағы АҚШ ХДА (USAID/CA) әлеуетті серіктестердің қосқан үлесін бағалайды және сіздің қызығушылығыңыз үшін және болашақ әлеуетті бағдарламаларды әзірлеуге көмектескеніңіз үшін алғыс білдіреді.
File details come from the government source that posted it. Updated .